Мектеп тарихы » ТайровСредняя школа №
Алматинская область білім басқармасының
Коммунальное государственное учреждение
"Исмаил Таиров атындағы орта мектеп"
отдела образования Енбекшиказахского района
Приемная
+7(72) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
02
май
2017

Мектеп тарихы

Мектептің тарихы
1911 жылы патша үкіметі өз саясатын жүзеге асыру мақсатында  Шелек аймағында үш орыс – тузем мектеп ашу  жоспарланып, сол мектептердің бірі Байсейіт ауылына салынады. Шатырлы мектеп үйі төрт бөлме болып бой көтерді. Бұл мектепті 1929 жылға дейін Юнус Хамра басқарады. Бұл мектепте білім Берген алғашқы ұстаздар: Һ.Азахунов, Р.Халимназаров, З.Жаппарова, А.Айсабақиев, Қ.Мансуров, Я.Ансаров т.б. Бұл мектепте білім алған оқушылар К.Тоқтамов, Қ.Юлчиев, Ш.Палтие, А.Насыров. 1936 жылы бастауыш мектеп  есебінде «Қәдәм» жеті жылдық мектебі болып ашылды. Оған мектептің директор қызметін атқарған И.Һасанов, Һ.Қозиевтер болды.  1937 жылдан 1945 жылға дейін мектеп директоры болып Ю.Хамра істесе, М.Юсупов, Ә.Рахманов, М.Бурханов ұстаздық етеді. 1955 – 1960 жылдары Аруп Сабир мектепті басқарып келді. Бұл жылдары И.Садиров, Ж.Аширов, А.Имиров, Х.Насыров, Ш. Низамдинов сияқты ұстаздармен мектеп қатары нығайды. 1960 – 1964 жылдары Һезиз Һезим мектепті басқарды. Бұл жылдары 300-дей оқушы 30-дай мұғалім болды. 1970 жылы мектеп жеті жылдықтан он жылдыққа айналапы, алғашқы түлектері ұшты. 1970 жылы ұйғыр халқының ардақты ұлы И.Таировтың есімі берілді.  
Х.Низамова, З.Асамдинова, М.Айсаева, Һ.Айсаев, Т.Садирова, Р.Хитямов, М.Махпизов, М.Манапова, Н.Қадиров, Н.Қадирова, К.Босақова, Ә.Сейитов, Т.Сетиев, Х.Мухпулов сияқты осы мектепте еңбегі сінген мұғалімдер көптеп саналады.1964-1967 жылдары Мәһәмәт Турсун, 1968-1974 жылдары Махпизов Мерхан, 1974-1980 жылдары Турғанжан Әршидинов, 1992 – 2007 жылдары Дулятов Абдумахамет, 2007жылдан бері Манапов Турсунжан мектепті басқарып келеді.   Бүгінкі күні  Р.Садирова,  А.Киберахунова, Р.Зординова, Имирова А, Иминова Г,т.б.ұстаздар жас ұрпақты тәрбиелеуде өз үлестерін қосуда.
   Мектеп он жылдық болғаннан күні бүгінге дейін 5 «Алтын медаль», 5 «Куміс медаль», 12 «Лучший белгімен» бітірген шәкірттер бүгінде ғылым, білім, өнер саласында жемісті еңбек етуде.
  Мектеп тарихында жемісті еңбек етіп, құрметке бөленген, қазір зейнет демалысындағы мұғалімдер:
1.    М.Махпизов                                    7. Г.Ибдиминова
2.    Б.Худәйбәрдиев                             8. М.Мансурова
3.    Қ.Имирова                                   9. П.Махаметова
4.    С.Хашимова                               10. А.Имирова
5.    Т.Барзамова                              11.М.Абитова
6.    Д.Билалова                               12. Һ.Турдиев т.б.
 
Мектеп ұйғыр тілінде дәріс береді.
   2007 – 2008 оқу жылында мектеп әкімшілігінің құрамында біршама өзгерістер болды. Білім ордасына осы жылдан бастап директорлық қызметті  Манапов Турсунжан  Абдуғаниұлы атқарып келеді. Мектеп ұжымының шешімімен мектеп директорының оқу ісінің меңгерушісі  болып орыс тілі пәнінің мұғалімі Зординова Розигуль Сайдуллақызы, тәрбие ісінің меңгерушісі болып Садирова Рана Ибрагимқызы, әдістемелік жұмыстар ісінің меңгерушісі – Искакова Гульбанум Леверовна, педагог-ұйымдастырушы – Закиров Мурад Нурахметович тағайындалды. Жалпы әкімшілік құрамында директор – 1, оқу ісінің меңгерушісі – 2, тәрбие жөніндегі орынбасары – 2, педагог-ұйымдастырушы – 1, педагог – психолог – 2 , АӘД ұйымдастырушы – 1 штаттық кесте бойынша берілген.

  Администрация басқару қызметкерлері мамандықтарына сай. Жоғарғы санатты – 4, бірініші санатты – 2.  

Похожие публикации:

27 январь 2017 Администрация
27 январь 2017 Мектеп ұстаздары