Педагогикалық кеңес » Тайров орта мектебі
Алматы облысы білім басқармасының
Еңбекшіқазақ ауданы білім бөлімінің
"Исмаил Таиров атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
11
сентябрь
2017

Педагогикалық кеңес

Мектептердің 2017-2018 оқу жылындағы тәрбиежұмысының тағы бір ерекшелігі  Мемлекет басшысы  Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыры »аты мақаласындағы қоғамды рухани жаңғыртудың ауқымды идеялары  мен тұжырымдамалық тәсілдерді терең зерделеу және білім алушылар арасында таратуды ұйымдастыру болып  табылады. Елбасы:
«Мақсатқа жету үшін біздің санамыз ісімізден озып жүруі ,яғни одан бұрын жаңғырып отыруы тиіс. Бұл саяси және  экономикалық жаңғыруларды толықтырып ғана қоймай , олардың өзегіне айналады »,-деп атап көрсетті.
         Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев бағдарламалық құжаттың  «ХХІ ғасырдағы ұлттық сана туралы» 1 бөлімінде тұтас қоғамның және әрбір  қазақстандықтың санасын жаңғыртудың бірнеше бағытын атап өтеді.
1.Бәсекелік қабілет
Қазіргі таңда жеке адам ғана емес ,тұтас халықтың өзібәсекелік қабілетін арттырса ғана табысқа жетуге мүмкіндік алады.
2.Прагматизм
Нақты мақсатқа жетуге ,білім алуға ,саламатты өмір салтын ұстануға, кәсіби тұрғыдан жетілуге басымдық бере отырп ,осы жолда әр нәрсені ұтымды пайдалану-мінез-құлықтың прагматизмі  деген осы .
Бүгінде радикалды  идеологиялар ғасыры келмеске кетті . Реализм мен прагматизм ғана таяу онжылдықтардың ұраны болуға жарайды.
3.Ұлттық бірегейлікті сақтау
Ұлттық жаңғару деген  ұғымның өзі  ұлттық сананың кемелденуін білдіреді.
4.Білімнің салтанат құруы
Мақалада құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен  биік қоятын ұлт қана табысқа жететіндігі баса айтылады .
5.Қазақстанның  ревалюциялық емес, эвалюциялық дамуы
Мемлекет Басшысы ХХ ғасыр халқымыз үшін қасіретке толы ,зобалаң да зұлмат ғасыр болғандығын атап өтті .
Біріншіден, ұлттық дамудың көнеден жалғасып келе жатқан  өзімізге ғана тән жолы біржола  күйретіліп ,қоғамдық құрылымның бізге жат үлгісі еріксіз таңылды .
Екіншіден ,ұлтымызға адам айтқысыз демографиялық соққы  жасалды . Оның жарасы бір  ғасырдан бері әлі жазылмай келеді.
Үшіншіден ,қазақтың тілі мен мәдениеті құрдымға кете жаздады.
Төртіншіден ,еліміздің көптеген  өңірлері  экологиялық апат аймақтарына айналды . Мұндай жағдайда  білім алушыларда  апат қауіп-қатерінің азаюы мен қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру  мәселелерін  талқылау маңызды .
Бүгінде  ревалюциялар  өңіп өзгеріп ,ұлттық,діни,мәдени, сепаратистік перде жамылды . Бірақ, бәрі де,түптен  келгенде , қантөгіспен ,экономикалық күйреумен  аяқталатынын көріа отырмыз.
6.Сананың ашықтығы
Сананың ашықтығы зерденің үш ерекшелігін білдіреді .
Біріншіден ,ол дүйім дүниеде ,Жер шарының  өзіне қатысты аумағында және өз елінің  айналасында не болып жатқанын түсінуге мүмкіндік береді.
Екіншіден ,ол жаңа технологияның ағыны алып келетін өзгерістердің бәріне дайын болу деген сөз. Таяудағы он жылда  біздің өмір салтымыз түбегейлі өзгереді .Біз бұған да дайын болуымыз керек.
Үшіншіден,бұл-өзгелердің тәжірибесін алып,ең озық  жетістіктерін бойға сіңіру мүмкіндігі.
Қазақстан Республикасының Президенті  Н.Ә.Назарбаев өзінің іргелі еңбегінің «Таяу жылдардағы міндеттер» тарауында алдағы жылдарда  мықтап қолға алу қажет болатын бірнеше жобаны ұсынады.
Біріншіден ,қазақ тілін біртіндеп  латын  әліпбиіне көшіру жұмыстарын бастау қажет .
Екінші ,қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар бойынша «Жаңа гуманитарлық білім.Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық»жобасы .
Үшіншіден,Президент «Туған жер » бағдарламасын қолға алуды ұсынады .Оның ауқымы ізінше оп-оңай кеңейіп , «Туған елге » ұласады.
Патриотизнің ең жақсы үлгісі  орта мектепте туған жердің тарихын оқудан корініс тапса ігі.
Төртіншіден, Елбасы жергілікті нысндар мен елді  мекендерге бағытталған «Туған жер » бағдарламасынан болек ,біз халықтың санасына одан да маңыздырақ-жалпыұлттық қасиетті орындар ұғымын сіңіруіміз қажет деп санайды . Ол үшін «Қазақстанныңқасиетті рухани құндылықтары» немесе «Қазақстанның киелі жерлерінің геграфиясы »жобасы керек.
Бағдарламалық құжат авторы  Ұлытау төріндегі  жәдігерлер кешенін , Қожа Ахмет Ясауи кесенесін , Тараздың ежелгі ескерткіштерін ,Бекет ата кесенесін,Алтайтағы көне қорымдар мен Жетісудің киелі мекендерін  және басқа да жерлерді өзара сабақтастыра отырып ,ұлт жадында біртұтас кешен ретінде орнықтыруды  ұсынады.
Бесіншіден , «Мемлекет басшысы ұсынып отырған  тағы бір жоба  Жаһандағы  заманауи  қазақстандық  мәдениет »жобасын іске асыруға тиіпіз.
Әлем  бізді қара алтынмен немесе сыртқы саясаттағы ірі бастамаларымызбен  ғана емес ,мәдени  жетістіктерімізбен де тануы керек.
Алтыншыдан, Н.Ә.Назарбаев ақылымен ,қолымен,дарынымен заманауи Қазақстанды жасап  жатқан нақты  адамдарды қоғамға  таныту үшін «Қазақстандағы 100 жаңа есім » жобасын іске асыруды ұсынады .
Мемлекет Басшысы ,қортындылай келе , екі дәуір түйіскен шақта  Қазақстанға түбегейлі жаңғыру және жаңа  идеялар арқылы  болашағын баянды ете  түсудің теңдессіз тарихы мүмкіндігі  беріліп отырғандығына  сенім білдіреді.

Похожие публикации:

02 май 2017 8-наурыз
02 май 2017 1 мамыр